11 айлық баланың дамуы // Развитие ребенка в 11 месяцев

Загрузка...

Спасибо! Поделитесь с друзьями!

Вам не понравилось видео. Спасибо за то что поделились своим мнением!

Добавлено от
19 Просмотры
❤️ Лайк басып, комментари жазуды ұмытпаныз.
???????? Құрбыңызбен болісіңіз.
Мой Instagram: https://Instagram.com/nur_arai15

Он бірінші ай

11 айда бала ешқандай қолдаусыз-ақ алғашқы қадамдарды бастауға жеткілікті күшті болады. Бала бір адамнан екіншісіне немесе тіреуішке сүйкеніп тұрған жерінен анасына дейінгі қысқа қашықтықта жүре алады. Ол кез-келген бөлмеде белсенді түрде қозғалады
Өзін-өзі тану дағдысы дами береді. Бала тамақты қасықпен жегісі келіп, шыныаяқтан су ішіп, киімін өзі киіп-шешуге тырысады. Бұл кезде баланың дербестігін ынталандыру керек, олар әсіресе осы жаста мақтау естігенді жақсы көреді.
Бала дамуының он бірінші айы – алғашқы саналы диалогтар орнайтын уақыт. Сәби «иә», «жоқ», «болмайды» деген сөздердің мағынасын жақсы түсінеді; иә, жоқ дегенді басын изеп білдіре алады.
Сонымен қатар, бала қызығушылық танытқан затқа қарап, саусағымен көрсете алады. Осылайша, бала ересектермен қарым-қатынас жасай бастайды және ата-аналар мен бала бір-бірін жақсы түсінетін болады. Сондай-ақ, білетін сөздері көбейеді. Бұл кезде бала «ана», «әке» секілді екі-үш сөзді анық айтуы мүмкін.
Он бір айлық балалар сыпайы қарым-қатынас дағдыларын меңгере бастайды. Олар «сәлем» және «сау бол» деген қимылдарды оңай есте сақтап, қолын бұлғай алады.
Бұл балаға әлі де ойын болғанымен, жағымды әдетті дамыту үшін, ата-аналар балаға сәлемдесіп, қоштасуды үйреткені жөн.
11 айда балалар өте қатты сезімтал болады, тез күліп, жылай салады. Бейтаныс жерде ұялып, бөтен адам көрсе қорқа бастайды. Ал бұл көріністер бала психикасының қалыпты дамып келе жатқанын көрсетеді.

#бала#даму#сәби#баладамуы#мама#малыш#развитие#папа#казакша#мамаималыш#анаменбала#11айлықбаланындамуы#11айлық#баладегсаулығы#денсаулық#ана#лайк#рек#рекомендации #арайлым
Теги
Баламенана, Баладамкы, ден аулық

Написать комментарий

Комментарии

Комментариев нет.